Комитет 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.
Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.