×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Күш атасын танымас: 13 жасар ауыр атлет ересектер арасында ел чемпионы атанды

17.02.2024, 12:32
Спортты дамыту дирекциясы

Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінде ерекше оқиға тіркелді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Спортты дамыту дирекциясынан мәліметінше, әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта 2010 жылғы Ксения Прозорова ересектер арасындағы өзінің алғашқы біріншілігінде қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды.

Алматы облысының өкілі К.Прозорова қоссайыс қорытындысында 175 келі нәтиже (80+95) көрсетті.

Ақмола облысынан келген Юлия Трошкина 155 келімен (72-83) күміс, ұлытаулық Нұрсыйла Берікбол 146 келімен (64+82) қола жүлдеге ие болды.

«Ешқандай демалыссыз еңбектенудің арқасында осындай табысқа қол жеткіздім. Болашаққа деген үмітім зор. Ірі халықаралық додаларда топ жарып, әлемдік рекордтар орнатуға бар күшімді саламын», — деді К.Прозорова. 

Серіктес жаңалықтары