×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ғалымжан Жақияновтың үстінен жаңа қылмыстық іс ашылды

19.02.2024, 10:42
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы саясаткер өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жақиянов не дейді?

Фейсбукте жазған постында Жақиянов үстінен жаңа қылмыстық іс ашылғанын хабарлайды.

– Бұл жолы Алматыда.Осыған дейін Төлен Тоқтасынов екеуіміздің арамыздағы іскерлік даудың (оның бастамасымен) қоғамдық ортаға шығып, арты сот отырыстарына ұласқаны туралы жазғанмын. Мәселенің қысқаша мән-жайы былай: бір кездері өз басындағы қарыздарымен қаржылық жауапкершілікті Тоқтасынов маған жүктеуге тырысты. Өкінішке қарай, оның бұл әрекетке баруына ұзақ жылғы достығымызды да кедергі бола алмады. Ол маған жала жабумен, азаматтық сотқа жүгінумен шектелмеді. Мәселен, 2022 жылы Моңғолия полициясына менің үстімнен арыз жазды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп, мені жауапқа тартуға негіз таппай, керісінше, Тоқтасыновтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыдан кейін ол Моңғолиядан кетуге мәжбүр болды. Қазір оған іздеу салынған, – дейді ол.

Ғалымжан Жақияров күні кеше тағы бір жайт естігенін, Төлен Тоқтасынов былтыр Алматының Бостандық аудандық полициясына да дәл сондай арызбен жүгінгенін жазады.

– Ондағылар да менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты маған қатысты іс қозғаудан бас тартады. Алайда биылғы жылдың 1 ақпанында Алматы қаласы прокуроры С.Кәріпбеков ол шешімінің күші жойылып, Тоқтасыновтың арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлапты. Осылайша, «Жаңа әділетті Қазақстанда» маған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы кем дегенде күмән тудырады. Әсіресе, Бас прокурордың прокуратура өкілдеріне іскерлік дауларға араласуға тыйым салатын ресми нұсқауы бар екенін ескерсек, бұл мүлдем ойға қонбайды. Сондықтан осы істе не жемқорлық, не саяси астары бар деп санаймын. Екеуінің нақты қайсысы екенін алдағы уақыт көрсетер, – дейді ол.

Саясаткер жайлы

Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов (8 мамыр 1963 жыл, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер әрі кәсіпкер. Назарбаевтың тұсында ірі оппозиция өкілдерінің бірі болған. Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық қозғалысы негізін қалаушыларының бірі. 1997–2001 жылдары Павлодар облысының әкімі және 1994–1997 жылдары Семей облысының әкімі болған. Жақиянов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 2002–2006 жылдар аралығында түрмеде отырған. 2012 жылы отбасымен бірге АҚШ-тың Бостон қаласына көшіп, Слоан мектебінің MBA бағдарламасына Массачусетс технологиялық институтында оқыған. 2013 жылы ол енді саясатпен де, жеке бизнеспен де айналыспайтынын мәлімдеген.

2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін Ғалымжан Жақиянов БАҚ-қа жиі сұхбат беріп, елдегі саяси және қоғамдық өзгерістерге байланысты ойларын білдіріп жүр.

Серіктес жаңалықтары