×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ортақ мүдде – 10 млрд доллар: Қазақстан мен Өзбекстан қандай келісімге келді

19.02.2024, 15:53

Бүгін Қазақстанға Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 жоба жайлы

Бахтиёр Саидовпен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті. Екі елдің министрлері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Кейін БАҚ алдына шыққан уақытында Мұрат Нұртілеу екі ел өзара ықпалдастығының тың бағыттарын айқындап, іргелі міндеттерді алға қойып отырғанын мәлім етті.

– Биыл өтетін жоғары деңгейдегі сапарларға, мемлекет басшыларының көпжақты форматтағы кездесулеріне ерекше назар аударылды. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын ортаға салдық. Осы тұста, сауда, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері жете талқыланды, – дейді министр. 

Мұрат Нұртілеудің келтірген мәліметке сәйкес, Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестерінің ішінде үшінші орында. Кейінгі жылдары екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асады. Қос мемлекет өнеркәсіптік кооперация саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Қазіргі таңда жалы құны 156 млн долларды құрайтын 12 бірлескен жоба іске қосылған. Оған қоса, құны 1 млрд долларды құрайтын жаңа 21 жобаны қарастырылып жатыр.

– Алдағы белестердің бірі – осы алған екпінді жоғалтпай, екіжақты тауар айналымын 10 млрд долларға дейін еселету. Қазақ-өзбек шекарасында Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын қосы осы мақсатқа бағытталған. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізудің маңыздылығын да бөлек атап өттік», - деді Мұрат Нұртілеу.

Өзбекстан не сұрайды

Нұртілеудің айтуынша, маңызды мәселенің бірі – су-энергетикалық кешені. Сол бағытта пікір алмасып, оны шешу жолдарына назар аударылған. Сонымен қатар, басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланған.

– Аталған бастамаларға сыртқы саяси ведомстволары тарапынан қажетті қолдау табылады деп уағдаластық. Екі мемлекеттің транзиттік әлеуетін арттыратын жаңа темір жолдарды салу жобалары ерекше назарда. Өз кезегінде, шекара арқылы өзбек тасымалдаушылары үшін транзитті жеңілдету бағытында нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Қазақ тарапы бұл мәселелерде ортақ мүдде тұрғысынан қарап, өзіміздің мүддемізге сәйкес шешуге дайын екендігімізді атап өттім. Өз кезегінде шекара арқылы өзбек тасымалдаушылары үшін транзитті жеңілдету бағытында бірнеше ұсынысын берді. Оның ішінде шекарадан өту пункттерінің санын көбейту, жаңа жол салу мәселелер сияқты көптеген нақты сұрақтарды талқылап, жақын арада тиісті министрліктер арасында келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - дейді Мұрат Нұртілеу.

Серіктес жаңалықтары