×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Ерекше достықтың көрсеткіші»: Путин Ким Чен Ынге көлік сыйлады

20.02.2024, 08:11
Фото: РИА Новости

Владимир Путин КХДР басшысы Ким Чен Ынге Ресейде жасалған көлікті сыйға тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы РИА Новости Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап жазған.

18 ақпанда ресейлік тараптан берілген сыйлықты КХДР Жұмысшылар партиясы орталық комитетінің хатшысы Пак Чон Чон мен партияның Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, Солтүстік Корея лидерінің әпкесі Ким Йо Чен қабылдаған.

КХДР Мемлекеттік істерінің төрағасы жолдас Ким Чен Ынға Ресей президенті Владимир Владимирович Путин Ресейде шығарылған жеке автокөлікті сыйға тартты, - делінген хабарламада.

Солтүстік Корея лидерінің әпкесі бұл сыйлық "қос ел басшыларының арасында қалыптасқан ерекше достықтың айқын көрсеткіші" екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары