×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жаңа министр Әрінов журналистерге кеңес берем деп сынға қалды

20.02.2024, 12:09
Үкімет

Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған Шыңғыс Әрінов үкіметтің баспасөз орталығынан журналистерден сын естіп шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Жоқ, бұл кеңес”

Үкіметте журналистер жаңа министрден сауда базарларында не себепті өрттер көбейіп кеткені сұраған. Алайда мұны Әрінов жоққа шығарды.

– Мұның бәрі біздің ашықтыққа бет бұрғанымызды көрсетеді. Біз 24/7 режимде телеграм арналарда төтенше жағдайларға байланысты ақпаратты жариялап отрымыз. Біздің баспасөз қызметіміз тәулік бойы дағдарыс орталығында кезекшілік етеді. Сіздер қазір шынайы ақпарат көздерінен мәлімет ала аласыздар. Сол себепті телеграм-арналарда, БАҚ-тта сондай әсер туындайды. Мен БАҚ-тан ұсақ өрттерді немесе кішігірім жайттарды жариялай бермесеңіздер деп өтінемін. Бүкіл елге оны жариялаудың не қажеті бар? – деді ол.

Десе де, сұрақ қойған журналист “біздің не жазатынымызды, не жазбайтынымызды сіз айтпай-ақ қойыңыз, оны БАҚ-тың өзі шешеді” деген. Алайда бұл ескертуге министр “тек кеңес ретінде айттым” деді ол.

Еске сала кетейік, Семейде Ақ шың сауда орталығы 6 ақпан күні түнгі үштен бастап өртеніп, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға біршама уақыт жұмсаған еді. ТЖМ кейін сол өрттің ықтимал үш себебін атаған.

Серіктес жаңалықтары