×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҰҰ бюджетінен ай сайын 1448 доллар: Қазақстанның бітімгер әскері Голан жоталарына кетуге дайын

20.02.2024, 13:46
БҰҰ бюджетінен ай сайын 1448 доллар: Қазақстанның бітімгер әскері Голан жоталарына кетуге дайын
Қорғаныс министрлігі

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Голан жоталарындағы бөлінген жерді «БҰҰ-ның бақылау күштері» (SONNR) миссиясына бітімгерлік контингентті жіберу үшін Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі не дейді?

Алғаш рет БҰҰ Қазақстанға бітімгерлік миссияны өз бетінше жіберуге және орындауға мандат берді. Қазақстандық контингенттің құрамында 139 әскери қызметші бар. Біздің бітімгерлер БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайтын болады.

– Миссияны орындау үшін қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның талаптары мен стандарттарына сәйкес мұқият іріктеуден және даярлықтан өтті. Кешенді алты айлық дайындық Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерді оқытуға бітімгерлік операциялар, минадан тазарту және әскери медицина орталықтарының нұсқаушылар құрамы қатысты. Әскери қызметшілер ағылшын тілін, күш қолдану ережелерін, халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларын оқыды. Бітімгерлік базаны қорғау, тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру, патрульдеу, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, көмек көрсету және эвакуациялау бойынша міндеттер іс жүзінде пысықталды, – делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Практикалық дағдыларды және контингент штабының офицерлерімен жедел үйлесімділікті арттыру үшін жедел-тактикалық деңгейде әскери шешімдер қабылдау бойынша сабақтар өткізілді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, контингент жеке құрамы жоғары дайындық деңгейін, мықты мотивация көрсеткен.

Қазақстан қорғаныс министрлігі миссияны БҰҰ-ның стандарттарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз еткен. Контингентте жауынгерлік модульдермен жабдықталған брондалған дөңгелекті машиналар, сондай-ақ күнделікті тіршілікке қажетті жабдықтар бар. Оларды қамтамасыз етуге камаздар, жол талғамайтын автомобильдер және инженерлік мүлік бар. Жаралыларды эвакуациялауға берілген машиналардың бірі оттегі аппаратымен, дефибриллятормен, дәрі-дәрмектермен және басқа да медициналық жабдықтармен жабдықталған. 

– Миссиядан өту кезінде бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілеріне ай сайынғы жалақысы үш есе төленетін болады. Бұдан өзге, БҰҰ бюджетінен олар ай сайын 1448 доллардан аса қаражат алатын болады. Миссияда қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер шипажайларда емделе алады және негізгі демалысқа жыл сайын қосымша 14 тәулік қосылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның Қарулы күштері бітімгерлік миссияларға әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде жекелеген әскери қызметшілерді де, сондай-ақ жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік сияқты неғұрлым талап етілетін мамандандырылған бөлімшелерді де жіберуге дайын, – делінген хабарламада.

Он алты жыл ішінде 600-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі жеті бітімгерлік миссиясына қатысты. Қазір 19 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның Ливан Республикасындағы, Батыс Сахарадағы, Конго Демократиялық Республикасындағы және Орталық Африка Республикасындағы бітімгерлік миссияларының құрамында қызмет етіп жүргенін айта кетелік.

Қазақстан бітімгерлері не істейді?

Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріне жіберілетін сарбаздары резервте болады. Коменданттық сағатта жүріп, БҰҰ нысандарын қорғайды. Патруль жүргізеді. Марш жасайды, басқа да функционалдық міндеттерді орындайды.

Қазір де Қазақстанның әскерилері БҰҰ-ның миссияларында: Батыс Сахарада 6 офицер, Орталық Африкада 2 офицер, Конгода 2 офицер, Ливанда 9 әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, Қарулы күштердің әскери байқаушы және штабтық офицер ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларында барынша сұранысқа ие болып отырған жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік мамандандырылған бөлімшелерді бөлуге дайын.