×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандықтардың жеке деректері Қытайға беріліп кеткен: ҰҚК тексеру жүргізеді

20.02.2024, 14:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Цифрландыру министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп қазақстандықтардың деректерінің таралуы жөніндегі материалдарға талдау жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бір күн бұрын Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. 

Шетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.

Зиянкестер кез-келген ақпаратты алу арқылы Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деп болжанып отыр. Құжаттарда Beeline, Kcell және Tele2 сияқты қазақстандық байланыс операторларының деректерінің тарап кеткені хабарланады. Құжаттарда Қазақтелеком мен БЖЗҚ туралы да айтылады.

ҚР СІМ не дейді

Билік тиісті ұйымдарда дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәде береді.

Серіктес жаңалықтары