Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – суицидтің алдын алу мақсатында қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау. Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челенджге айналған еді.
– Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, – дейді заң жобасын қорғаған депутат Жұлдыз Сүлейменова.
Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр
Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.