×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Украина қарулы күштерінің шығыны Ресейдікінен бес есе аз – Зеленский

23.02.2024, 09:31
Украина қарулы күштерінің шығыны Ресейдікінен бес есе аз – Зеленский
Фото: zensovet.ru

Бұл туралы Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біз ондаған мың адамның қаза тапқанын білеміз. Он мыңдаған бала жер аударылды. Егер қаза болған сарбаздар санын салыстырсақ, мен бұл арақатынасты 1:5 деп айтар едім. Орыс жауынгерлері iайқаста қаза тапқан әрбір украиналық жауынгерге 5 адамнан келеді. Бұл шамамен статистика, – деді ол.

Қару бітіп қалса, күрекпен соғысамыз

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға Ресей әскері басып кірген еді. Міне, ертең, яғни 24 ақпанда тура 2 жыл толады. Соғыстың бір жылдығы қарсаңында Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерінің Украинадан шығару мәселесі дауысқа салынғанда қалыс қалды. Мұның себебін ҚР сыртқы істер министрлігі түсіндірген болатын.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Батыс елдерінің қолдауы болмаса да, Украина берілмейтінін ескертті.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Батыс елдерінің қолдауы болмаса да, Украина берілмейтінін ескертті.Қазір Украинаны қолдау құны қанша болса да, егер Украина жеңіліп қалса, әлемдегі тәртіпсіздікті түзету бағасы одан да жоғары болады. Егер бізде қару бітіп қалса, күрекпен соғысамыз. Өйткені бұл соғыста Украинаның әлем картасында қалу немесе қалмау тағдыры шешіліп жатыр, - деп жауап берген ол америкалық ABC News арнасына берген сұхбатында.

Соғыс салдарынан Украинада тарихи жәдігерлер жойылған

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін елдің мәдени мұрасына шамамен 3,5 миллиард доллар шығын келтірілген.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадағы мәдениет және туризм салалары Ресей басып кіргеннен кейін жалпы $19 млрд кіріс жоғалтқан.

Шығынды бағалау үшін спутник суреттері зерттелген. ЮНЕСКО-да хабарланғандай, 5000-ға жуық ғимарат, оның ішінде 340-тан астам мұражай, ескерткіш, кітапхана мен діни нысандар қираған.

Күні кеше Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения Украина мәселесінде Ресейдің одақтасы емес екенін мәлімдеді. Мюнхенде Германияның армян диаспорасының өкілдерімен кездесу кезінде Пашинян 1991 жылы КСРО-ның 13 республикасы, соның ішінде Ресей мен Украина қабылдаған декларация Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындауға негіз болатындығын атап өтті.