×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Елімізде теңіз вокзалын салу қажет – депутат

28.10.2021, 10:35
Фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Нариман Төреғалиев туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Депутат Маңғыстау облысының туристік аймақтарында 1100 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеу және қайта жаңарту қажет екенін атап өтті.  Сонымен қатар, өңірде құрғақ жүктер мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған «Ақтау теңіз сауда порты» және «Құрық» порттары бар. Олардың екеуі де ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, олар тек жүк тасымалдау бағытына арналған. Ал жолаушы кемелерін қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған.

«Өңірде туризмді одан әрі дамытуға серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. Жалпы, теңіз вокзалының салынуы туризммен бірге, өңірдің экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз», - деді сенатор Нариман Төреғалиев.

Серіктес жаңалықтары