Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
7 қазан, сәрсенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болжанып отыр.
Еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Батыста күн жылынады. Түнде ауа температурасы +2…+12 °C, күндіз +17…+22 °C болады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-6 °C-тан +3…+13 °C-қа дейін, күндіз 0…+5 °C-тан +5…+20 °C-қа дейін көтеріледі.
Шығыс пен орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+7 °C, күндіз +2…+15 °C болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура +2…+8 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда -1…-3 °C-қа дейінгі үсіктен кейін түнде ауа температурасы 0…+5 °C болады.
Күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа +17…+22 °C-қа дейін жылынады. Таулы аймақтарда +9…+14 °C болады.