×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Үлкендердің "үлгісі" - Дана Нұржігіт балабақшадағы қатыгездік жайлы айтты

25.02.2024, 08:35
Бейнежазбадан скрин

Танымал тележүргізуші жеке парақшасында елді елең еткізген балабақшадағы төбелес жайлы пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Мынандай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай, қашан қонған?! Жан дауысы шыққан өзі сияқты баланы аяусыз теуіп, үсті-үстіне жұдырықтап жатқаны көргенін істегені… басқа не айтуға болады? Бала үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?! Балалы үйде ұрлық жатпайды дейміз ғой, балалы үйде небір ата-аналар барын бала айтпаса да, әрекеті айшықтап береді. Алматының 51-бөбек жайындағы мына оқиға қоғамды қатыгездік жайлаған, тіпті тамырлап кеткенін аңғартады. Отбасынадағы зорлық-зомбылықтың қандай деңгейге жеткенін көріп отырмыз. Үлкенді заңмен тоқтата алмай жатырмыз. Балаға не айтасың, ал?" – деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде балалар құрдасын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары