×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Шорт-трек: Қазақстан тарихындағы тұңғыш жүлде

25.02.2024, 12:44
olympic.kz

Шорт-трекші отандасымыз Алина Әжғалиева Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл  - Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі, деп жазады Ulysmedia.kz.

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.

Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын.

Серіктес жаңалықтары