×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Үкіметтің баға тұрақтандыруға бағытталған 2 тәсілі де тиімсіз – депутат

28.10.2021, 12:39
Фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Бауыржан Қаниев үкіметтің негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шараларын сынға алып, премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға бағытталған жолды ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатордың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30% құрайды. Ал азық-түліктің 70% елге импортталады. Бұл бағаның өсуіне ықпал етпей қоймайды.

Депутат ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басынан бастап сәбіз 45%, картоп 38,5%, күнбағыс майы 16,7%, пияз 10,9% және қант 9,2% қымбаттағаны туралы деректерін бөліскен.

«Үкімет бағаны екі тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі – 6% кәсіпкерлерге несие беру. Бірақ оған көп кәсіпкердің және шаруа қожалықтарының қолы жетпей отыр. Екіншісі – азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы әдіс. Бұл дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл тәсілдер нарықтағы бағаға көп әсерін тигізе алмай отыр. Сондықтан үкімет ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шекті бағаны бекітіп, өкілетті орган бағаның өзгеруін қатаң түрде бақылауы тиіс», - деді депутат.

Бауыржан Қаниев сондай-ақ, сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында көтерме сауда орталықтары желісін дамыту және баға белгілеуді жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен кездесу өткізгенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы әзірленген ұсыныстар үкіметтің атына жолданған.

Серіктес жаңалықтары