×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірген қылмыскерге жеңіл жаза берген судья жұмыстан босатылды

27.02.2024, 11:15
Фото: gov.kz

Судьяны лауазымынан босату туралы тиісті жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарыағаш аудандық сотының судьясы Нұрқазы Шетеновтің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа президент қол қойған.

Құжатта Нұрқазы Шетенов "тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін" сот алқасының шешімі бойынша қызметтен босатылғаны жазылған.

Еске сала кетейік, Нұрқазы Шетенов аудандық соттың басшысы қызметінен кеткен еді. Шетеновтің қандай себеппен өтініш бергені нақтыланбаған.

Алайда шілде айында Жоғарғы сотта Шетенов соттың төрағасы қызметінен босатылатынына сендіргенін атап өткен жөн. Тексеруден бір жарым ай өткен соң, оның өзі өтініш берген.

Айта кетейік, бұған дейін қыз баланы өлтірді деген күдіктінің былтыр мамырда темір торға қамалуы керек болған. Алайда осы судья басқаша шешім шығарған.

Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда ішімдік ішу барысында ауылдастарын балтамен ұрғаны үшін сотты болған. Сол қылмыскер 5 жасар қызды аяусыз өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Оған химиялық кастрация жасалады.

Серіктес жаңалықтары