×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Әйтпесе заңды өрескел бұзғаны»: ЖОО-лар ауылдан келген студенттерге жатақханадан орын беруге міндеттелді

27.02.2024, 12:41
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет жастардың жатақхана мәселесін қалай реттегелі отырғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұманғарин не дейді

Депутаттардың аталған мәселе бойынша үкіметке жолдаған сауалына вице-премьер Серік Жұманғарин жауап берген. Оның мәліметінше, 2030 жылға дейін ЖОО мен колледждердің жатақханаларында орын тапшылығы проблемасын шешу бойынша есептер дайындалған. Жоспарға сәйкес, 2030 жылы орын тапшылығы 2,2 мың орынды, оның ішінде ЖОО 1,2 мың орынды құрайды.

«Бүгінгі күні 2030 жылға қарай студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін объектілерді іске қосу кестесі жасалды. Сонымен қатар, жатақханаға мұқтаж барлық білім алушылардың тұруын қамтамасыз ету және жағдай жасау бөлігінде ЖОО қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Сондай-ақ, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және білім беру жүйесінің тексеру парақтары күшейтілді, оған сәйкес ЖОО басқа өңірден келген білім алушылардың тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жауапкершілікті өрескел бұзушылық болып саналады», - дейді Жұманғарин.

Оқу-ағарту министрлігі колледждердің қызметіне осындай шараларды қабылдап жатыр. Аталған шаралар білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттырады.

Еске салсақ, Алматыдағы хостелдердің бірінде былтыр өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының екі азаматы, екеуі Өзбекстан азаматы ), қалғаны Қазақстан азаматтары.

«Барлау және өртті сөндіру барысында 13 қаза тапқан адам анықталды, олардың жеке басы анықталуда. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған. Жатақханада 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, жеті жедел жәрдем бригадасы тартылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы университеттері студенттерді орналастыру бойынша аталған хостелмен шарт жасаспағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары