×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Компьютердің атасы Билл Гейтс 66 жасқа толды

28.10.2021, 12:51
Фото: ашық дереккөзден

28 қазан компьютердің атасы Билл Гейтстің туған күні. Microsoft корпорациясының әлемдегі ең танымал Windows бағдарламасының авторы 66 жасқа толып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Билл Гейтс – жиырма жылдан бері планетадағы ең бай және ең ықпалды адамдар тізімінде тұрған кәсіпкер. 2019 жылы оның капиталы 105 миллиард доллардан асты.

Қазір ол Microsoft басшылығынан кеткенімен, ол өзінің жомарттығын үнемі көрсетіп, аурумен күресуге және мұқтаждарға көмектесіп келеді. Асқан байлығына қарамастан қарапайым өмір салтын ұстанатын Билл Гейтстің ұстанымдары бүгінде ауыздан ауызға тарап жүр.

Билл Гейтс 20-30 жас арылығы адам өміріндегі ең өнімді кезең деп санайды және дәл осы уақытқа барынша күш салу қажет. «Шыдамдылық – табысқа жетудің кілті», деген Гейтс бұл тұрғыда Уоррен Баффет сынды ұзақ мерзімді инвестицияларды құптайды.

«Адамда оптимизм мен пессимизм қатар жүреді», деген кәсіпкер ақша үнемі табыс әкелу керек деп есептейді.

Нәтижесінде, құр жинағаннан гөрі ақшаны инвестициялауды жөн көреді. Гейтстің айтуынша, оның бүкіл байлығының шамамен 60%-ы әрқашан түрлі инвестиция түрінде сақталған.

Оның инстаграм парақшасында туған күні туралы мәлімет салынбаған. Ол соңғы жазбасында америкалық саясаттанушы Джимми Картерді туған күнімен құттықтап, оның жұмысының көпке үлгі екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары