×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шетелде мұнай-газ саласында басшылық қызметтегі топ-қазақстандықтардың тізімі жарияланды

28.02.2024, 09:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жарияланған шолуда Еуропада, Америкада, Азияда және Африкада жұмыс істейтін 20 қазақстандықтың есімі келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

PetroCouncil "2024 жылы мұнай-газ саласындағы басшылық позицияларда шетелде жұмыс істейтін топ-20 қазақстандық" атты шолуды ұсынды. Рейтингке Еуропада, Америкада, Азияда және Африкада жұмыс істейтін 20 азамат бар. 

– Бұл шолу Тәуелсіздік жылдарында отандастарымыздың халықаралық мұнай-газ жобалары мен трансұлттық компанияларда жоғары позицияларға қол жеткізгенін айқын көрсетеді. Ұлттық кадрлар осы жобаларда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие әрі қазір әлемдік мұнай-газ саласында, атап айтқанда, ірі мұнай-газ ТНК-да шетелде жауапты лауазымдарды атқарады, - деп жазады шолу авторлары.

Рейтингтің жартысына жуығы әйелдер. 

Рейтингте бірінші болып Катардағы TotalEnergies басшысы Мансура Жақыпова тұр. Бұл компанияда ол 19 жылдан астам жұмыс істейді. Тунис пен Австралиядағы TotalEnergies аймақтық директоры қызметін атқарған. Ол бұған дейін Францияның Париж қаласында сутегі жөніндегі вице-президент қызметінде болған

Екінші орынды Катардағы Shell қаржы жөніндегі вице – президенті Мадина Крабб тұр. Ол стратегияларды әзірлеумен, жоспарлаумен, өнімділікті басқарумен және өзгерістер бағдарламаларын жүзеге асырумен айналысады. Сондай-ақ, QatarEnergy LNG nfe2, NFS1 директорлар кеңесінің директоры.

Үшінші орында АҚШ-тағы ПАСКАГУЛ Шеврон МӨЗ пайдалану бастығы Максот Дүйсекенов тұр. Бұдан әрі – Брунейдегі Schlumberger басшысы Айгүл Баштибаева. 2020 жылы Баштибаева Ақтаудағы Есенов университетін бітірген.

Бесінші орынды Солтүстік Америкадағы TotalEnergies активтер менеджері иеленді. Ол газ инфрақұрылымы, электр энергиясын өндіру және ESG тәжірибесін пайдалана отырып, аймақтағы СТГ портфелін оңтайландыру және кеңейту мәселелерін қадағалайды.

Алтыншы позиция БАӘ-дегі Eni Abu Dhabi B. V. коммерциялық бөлімінің басшысы Нұрлан Қазымбетте. Ол мансабын ҚМГ-да бастаған, Қарашығанақ жобалау департаментінің директоры, "ҚазТрансГаз", "ҚазРосГаз"басқарушы директоры болған. 5 жыл бойы Италияның Милан қаласындағы Eni-де жұмыс істеген.

Жетінші орында Даниядағы TotalEnergies Renewables даму жөніндегі директоры Жанар Дрейзиг тұр. Бұған дейін ол Maersk Oil-де, Қазақстан, Гренландия, Норвегия, Ирак Күрдістан, Ливан, Кения және Катардағы жобалау топтарында 14 жылдан астам жұмыс істеген.

Сегізінші орынды QATAR SHELL GTL limited CO әлеуметтік қызмет және әлеуметтік инвестициялар жөніндегі менеджері Жұлдыз Галиакпар иеленді.

Әр жылдары Жұлдыз жеке секторда, Қазақстандағы Бельгия елшілігінде, Қазақстандағы ЕҚЫҰ-да, BG Қазақстан компаниясында жұмыс істеген. 7 жылдан астам – "Шелл Қазақстан"компаниясында әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесші.

Тоғызыншы орында БАӘ-дегі ADNOC Group өндірістік кеңесшісі Аслан Бөлекбай тұр. Әр жылдары ол мұнай операциялары бойынша аға маман, XploreLink компаниясының тең құрылтайшысы, "Қазатомөнеркәсіптің" операциялық директоры, "Волковгеология" АҚ Басқарма төрағасы, Aramco техникалық кеңесшісі болды.

Үздік ондықты Eni сауда және келіссөздер бөлімінің басшысы, Ирактағы Бибігүл Ахметова жабады. Ол мансабын 2003 жылы Ақсайда техникалық аудармашы болып бастаған. 10 жылдан астам КПО маркетинг бөлімінде жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары