Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің дұрыс әрекет етпегені үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 қызметкері жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің дұрыс әрекет етпеуі бойынша жүргізген қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша 14 қызметкер жазаланды.
Соның ішінде министрліктің төрт басшысы, сондай-ақ олардың бес орынбасары, ведомстволық бағынысты ұйымның бір басшысы, аумақтық бөлімше басшысы мен оның орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің екі басшысына қатысты олар бұрын қолданылған жазамен шектелді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, алматылықтар 23 қаңтар күні сағат 00:09-да қатты жер сілкінісін сезінді. Адамдар үрейленіп, көшеге жүгіріп шықты.