×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Талдықорған полиция ғимаратындағы зорлау: сот процесі басталды

28.02.2024, 17:50
Талдықорған полиция ғимаратындағы зорлау: сот процесі басталды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қала полициясының бұрынғы бастығы Марат Көштібаев полиция ғимаратында қыз зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Көштібаевтың сот процесі басталғаны белгілі болды. Процес жабық режимде өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полициясының бастығы Марат Көштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, кейін қамауға алынған болатын.

ІІМ басшысының шешімімен Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды, оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов қызметтік сәйкестігі толық еместігі туралы ескертілді.

Облыстық  департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов та атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұдан бұрын ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Қыз зорлады деп күдікке ілінген күдікті Көштібаев 2019 жылы Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен босатылған, себебі ол өзінің аудиожазбасында бағыныштыларын балағат сөздерді қолданған.

2023 жылдың наурыз айында Көштібаев кезекті аудиожазба үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берген еді.