×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Франция елшісі министр Маржықпаевқа Олимпиаданың бойтұмарын тапсырды

29.02.2024, 11:24
Фото: Ulysmedia.kz

Астана қаласындағы Олимпиадаға дайындық штабында бүгін Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2024 жылы Парижде өтетін ойындарға дайындық барысы талқыланып, елші министрге Олимпиаданың бойтұмарын табыстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елші не дейді?

Кездесу барысында министр мен елші өзара ой алмасты. Әзірге Қазақстанда Олимпиаданың 19 лицензиясы бар. 

– Мен бүгін министрмен кездесіп, Париждегі ойындарға дайындықты талқыладым. Бұл Франция үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды оқиға. Франциядағы ойындар біздің спорт саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретініне өте қуаныштымын, – деді елші кездесуден кейін.

Дидье Канес келесі аптада Паралимпиадалық спорт тақырыбын қозғап, Астанадағы Француз мектебінің оқушылары мен қазақстандық оқушылар арасында достық жарыс өткізілетінін хабарлады.

– Сіз былтыр Франция президентінің сапары болғанын дұрыс еске салдыңыз. Осыдан тура бір жыл бұрын Тоқаев елімізге барған. Кездесулердің қарқыны ынтымақтастықтың даму динамикасы өте жағымды екенін көрсетеді, - дейді елші.

Министрдің уайымы

Ал министр Маржықпаев алдағы ойындар туралы өз пікірін былай білдірді.

– Бүгін біздің еліміздегі Франция елшісімен маңызды кездесу өтті. Биыл Олимпиада ойындары өтеді, біздің құрама дайындалып жатыр. Аккредиттеу, лицензия, саяхат, тұру, тамақтану жағынан сұрақ көп.

Бүгінгі таңда бізде спорттың 8 түрі бойынша 19 лицензия бар. Мәселе бар. Токио ойындарының алдында дәл осындай кезеңде 30-дан астам лицензия болған. Бұл жағынан уайым бар. Бірақ біз лицензияларды әлі де алатынымызға сенімдімін. Боксшыларға келер болсақ, өкінішке қарай, тек екі лицензия алдық әзірге. Сондықтан турнирлердің басты міндеті – лицензияларды көбейту. Орта есеппен 70-80 лицензия алуды жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өтеді.

ҰОК басшысының ауысуы жайлы

Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып келді. Бұған дейін ол қызметті бизнесмен Тимур Құлыбаев атқарған. 

Геннадий Головкин комитет басшылығына не үшін басшы болуға келіскенін айтып берді.

Головкин туралы аз-кем ақпарат

Қарағандының криминалдық ауданы Майқұдықтан шыққан боксшы Геннадий Головкиннің есімі 2006 жылдан бері кәсіби бокста танымал. 

Қазақстандық боксшының кәсіби лигадағы мансабы мақтаулы. Головкин өзінің жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қуатты және техникалық панчер және нокаут ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін енді. 2020 жылғы жағдай бойынша 21 рет қорғап, орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғаудың жалпы саны бойынша рекордты жаңартты.

Серіктес жаңалықтары