×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әлемде 300 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру

02.03.2024, 13:27
Ашық дереккөзден

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдайға қарулы қақтығыстар, ауа райына қатысты төтенше жағдайлар мен экономикалық факторлар себеп, деп жазады Ulysmedia.kz.

БҰҰ-ның гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасы осындай деректерді келтіріп отыр. Әсіресе Африка, Азия, Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуал күрделі. Қазір әрбір бесінші бала шиеленістер ушығып тұрған аймақта өмір сүреді. Үй-жайын тастап босып кеткен жандардың саны 36 миллионнан асып кеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Басқарма өкілдері донор мемлекеттер мен ұйымдардан көмекке 57 миллиард доллар сұрап отыр. Өкінішітісі сол, кейінгі жылдары мекемеге бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай қысқарып, бюджет тапшылығы туындаған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне 1 млн доллар аударған болатын.

Серіктес жаңалықтары