×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Израиль Газа секторында 6 апталық келісім жасады

03.03.2024, 17:09
Коллаж Ulysmedia

Израиль Газа секторында 6 апталық бітімге келісті, енді шешім ХАМАС-та, деп хабарлайдыUlysmedia.kz  Еuronews. сайтына сілтеме жасап.

Палестинаның WAFA ақпарат агенттігі Израильдің Газа секторын атқылауы және әуе шабуылдары салдарынан оңдаған адам құрбан болғанын хабарлады.

Сектордың оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасалған шабуыл салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды. Агенттік адамдардың қазасы туралы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Хан-Юнисті бомбалау салдарынан бірнеше палестиналық қаза тапқан.

Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстігіндегі Джебалия аймағына да бірқатар әуе шабуылын жасады.

Израильдік БАҚ атап өткендей, «ЦАХАЛ бүкіл секторда лаңкестікке қарсы рейдтер жүргізіп жатыр».

ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль операциясынан қаза тапқандардың жалпы саны 30 320-ға жетіп, 70 000-нан астам адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары