×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украина билігі Ресейдің әр әскери техникасын жойған сарбазға сыйақы тағайындайды

04.03.2024, 18:46
Украина билігі Ресейдің әр әскери техникасын жойған сарбазға сыйақы тағайындайды
Фото: Ашық дереккөзден

Украина Жоғарғы радасы ресейлік техниканы жойған әскери қызметшілерге сыйақы беретін заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

УНИАН-ның хабарлауынша, ұсынысты елдің қорғаныс министрлігі мен әскери қолбасшылығы қолдаған. Парламенттің қорғаныс комитетінің хатшысы Роман Костенконың хабарлауынша, келесі мөлшерде сыйақы белгіленді:

  • Танк – 200-370 000 грн (5-9 мың доллар аралығы);
  • Зениттік-зымыран кешені – 200-370 000 грн (5-9 мың доллар аралығы);
  • Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының радиолокациялық жүйелері – 200-370 000 грн (5-9 мың доллар аралығы);
  • Ұшқышсыз барлаушы немесе соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары - 30-100 000 грн (780 доллардан 2,6 мың долларға дейін);
  • Қанатты және баллистикалық зымыран — 100 000 грн (2,6 мың доллар);
  • Ұшақ - 500 000 грн (13 мың доллар);
  • Әскери тікұшақ — 300 000 грн (7,8 мың доллар);
  • Әскери кеме - 300-500 000 грн (7,8 мың доллардан 13 мың долларға дейін).

Украинадағы соғыс

2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украина аумағында Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған соғыс жүріп жатыр.

Күн сайын Украинаның қалаларына оқ атылып, бейбіт адамдар қаза тауып жатқаны жөнінде ақпарат бар.