×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Түркістан облысында көпір тіреуі темірінің құлауы: ҚТЖ-ға айыппұл салынды

05.03.2024, 10:40
ҚТЖ

Ұлттық компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысының полициясы жолдарда темір жол өткелдерін күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚТЖ-ға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

Осы бап бойынша компанияға 30 АЕК айыппұл салынған.

ҚТЖ 3 наурыз күні сағат 16:15 – те Қызылсай-Манкент аралығының Арыс-Түлкібас учаскесінде "қоршауға бекітілген темір баннердің жүктемесіне байланысты автожолдың жүріс бөлігіне теміржол көпірінің қоршауы құлағанын" хабарлаған еді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Болған оқиға теміржол қызметіне әсер еткен жоқ, пойыздарға қауіп жоқ. Жолдардағы пойыздардың қозғалысы тоқтамады. 20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін тазартты. Қазіргі уақытта құрылымның ұшып өту жиектерін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары