×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Антикор шенеуніктер үшін тергеу изоляторы мен сотта экскурсия өткізеді

06.03.2024, 14:47
Фото: azattyq-ruhy.kz

«Антикор» мемлекеттік қызметкерлерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың мәліметінше, профилактикалық шараға қатысушыларға қылмыскерлерді ұстау камералары мен тұтқындардың серуендеу орындары көрсетіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот отырысына да қатыстырылады.

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, мұндай іс-шара түрменің ауыртпалығын сезінуге, олардың салдарымен танысуға мүмкіндік береді.

Ол мұндай экскурсия қорқытып-үркіту шарасы емес екенін атап өтті.  
 

Серіктес жаңалықтары