×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресей Қазақстанға орыс тілі пәні мұғалімдерін жіберуді көздеп отыр

Фото: Ресей Үкіметінің баспасөз қызметі

Ресей Қазақстан мектептеріне орыс тілі мен басқа да пәндерді орыс тілінде оқытатын мұғалімдерді жіберуге құлшынып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей Білім министрлігінің мәліметінше, екі елдің министрлерінің кездесуінде Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелері көтерілген.

Ресей Білім министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған.

Кездесу барысында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде "Кәсібилік" федералды жобасын жүзеге асырудағы ресейлік тәжірибені зерделеу мәселелері де қарастырылған. Ресей тарапы Қазақстан мектептеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен орыс тілінде білім беретін пән мұғалімдерін жіберуді ұсынған.

Ресей Үкіметі үйінде Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин мен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің келіссөздері аясында екі елдің Білім министрліктері өкілдерінің кездесуі өткені атап өтіледі.

Талқыланған тақырыптардың ішінде гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелерін қамтыды. Ресей үкіметінің басшысы екі мемлекетті тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар байланыстыратынын атап өтті. Михаил Мишустин қазақстандық тарапқа орыс тіліне ұқыпты көзқарасы үшін алғысын білдірді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары