×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олжас Бектенов Павлодар мұнай-химия зауытын аралап жүр

06.03.2024, 16:25
Олжас Бектенов Павлодар мұнай-химия зауытын аралап жүр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысында мұнай өңдеуді ұлғайту және мұнай-химия секторы кәсіпорындарын толық қуатына шығару жөніндегі шаралармен танысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытына барып, оның қазіргі жұмысымен және өндірісті одан әрі жаңғырту жоспарларын назарға алды.

Басым жобалардың бірі – технологиялық қондырғылар жұмысының тоқтаусыз жөндеуаралық кезеңіне көшу.

Бүгінгі таңда ПМХЗ жылына шамамен 6 млн тонна мұнай өңдейді. 

Шығарылатын өнімдердің ішінде автомобиль бензинінің әртүрлі маркалары, дизель отыны, мазут, битум, коммуналдық-тұрмыстық газдар және т.б. бар.

Олжас Бектеновтің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарықты отынмен қамтамасыз ету бойынша Үкімет алдына нақты міндеттер қойды.

Осыған байланысты мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша өндіріс көлемін ұлғайту үшін барлық шаралар кешенін іске асыруы қажет.

Отандық экономиканы дамыту үшін жол құрылысының маңызын ескере отырып, ПМХЗ-да битум өндіретін пештің құрылысы аяқталды, бұл оның өндірісін 15%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Премьер-министр зауыт басшылығына жұмыс қарқынын арттыру қажет екенін, бұл ретте мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ұсақталған полипропилен және басқа да полимер бұйымдарын шығаратын «Нефтехим LTD» кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Мұнда ПМХЗ-дан жеткізілетін сұйытылған мұнай газын өңдеуден бастап дайын өнімге дейін өндірістің толық циклі жүзеге асырылды.

Ол ішкі нарықта, сондай-ақ Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда жоғары сұранысқа ие.

Олжас Бектенов Павлодар облысында мұнай-химия кластерін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.