×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«ҚазАвтоЖол» Бас көлік прокуратурасының мәлімдемесін жоққа шығарды

Фото: kolesa.kz

6 наурыз күні Бас көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген деген мәлімет жариялаған болатын. Алайда ұлттық компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталмыш релизде ұсынылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ресми жоққа шығарылады. Былтыр Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығымен Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданды. Көкшетау-Петропавл учаскесі 3 аймаққа бөлінген: 1. км 304 – 354 (50 км); 2. км 354 – 443 (89 км) және 3. км 443 – 473 (30 км). Аталған учаскеде ақылылық енгізілгеннен кейін бірінші аймақ бойынша барлық сегментті өтпеген Көкшетау қаласының тасымалдаушылары тарапынан ұжымдық шағым түсті делінген, - дейді «ҚазАвтоЖол» мәліметінде.

Компания ақпаратына қарағанда, жол ақысын есептеу және алу бұйрық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Көкшетау-Петропавл» автомобиль жолының бойында бірнеше өндірістік нысан бар екенін атап өткіміз келеді. Сол себепті әрбір съезде бақылау аркаларын орнату мүмкін емес. Жүргізушілердің барлық талаптарын жүзеге асыра алмаудың объективті себептері бар. Жол ақысын есептеу және алу бұйрық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Автомобиль жолдарының учаскелерін пайдалану туралы» бұйрықтар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және әділет органдарында тіркеледі, – делінген компания хабарламасында. 

Бас көлік прокуратурасының ақпаратындағы 605 пайдаланушыға қатысты (берешегі 3,5 миллион теңге) қаражатты өндіріп алу туралы шешім әлі жойылмапты. Көлік министрлігі біржақты шешім қабылдағанға дейін уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы Көлік министрлігімен келісу барысында.

Еске салайық, кеше Бас көлік прокуратурасы «Қазавтожол» 605 жүк көлігінен негізсіз ақы алып келгенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары