×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Балаларға бірыңғай жәрдемақы берілетіні рас па

07.03.2024, 10:32
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желіде балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы беру туралы таралып жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы берілетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Бұл ақпарат – жалған. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Серіктес жаңалықтары