×
$
444.76
€
495.37
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.76
€
495.37
₽
5.37

Қанша қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:10
Қанша қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
gov.kz

Қазақстанда өзіне тиесілі әлеуметтік төлемдерді енді алғысы келмейтін азаматтар да бар екен. Қазан айынан бастап осындай мүмкіндік пайда болғаннан бері мемлекеттік көмектен 729 адам бас тартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төлемдерден өз еркімен бас тартуға болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа сервис ең әуелі мемлекет көмегінсіз өзін және отбасын асырай алатын, тұрмысы жақсы азаматтарға арналған.

– Бұл қадам әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы ынтымақ қағидаттарын көрсетеді, яғни өзін және отбасын өз бетінше асырауға мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартады, – делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

Өтінішті eGov Mobile қосымшасы немесе eGov.kz порталы арқылы беруге болады. Алайда мұндай мүмкіндік әлеуметтік төлем тағайындалған азаматтарға ғана қолжетімді.

Министрлік ешкімді төлемнен бас тартуға мәжбүрлемейтінін атап өтті. Егер адамның жағдайы өзгерсе, ол жәрдемақы алу үшін қайта өтініш бере алады, бірақ өтініш сол кездегі қолданыстағы ережелерге сәйкес қаралады.

Контекст

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік жәрдемақының 36 түрінің 12-сіне қатысты тәсілді өзгертуді жоспарлап отыр. Көмек ең әуелі оған шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталмақ.

Бұған дейін қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасындағы отбасылардың материалдық жағдайын бағалайтын калькулятордың жұмысына шағымданған еді. Пайдаланушылардың айтуынша, ипотекасы, несиесі және күнделікті шығыны көп адамдардың өзі жүйеде тұрмысы жақсы азаматтар қатарына қосылған. Шағымдардан кейін сервиске қолжетімділік шектелді.

Сізге қызық болуы мүмкін