×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қостанайдағы ет комбинаты ісі бойынша 49 адам күдікке ілінді

07.03.2024, 11:52
Фото: Скриншот

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысындағы департамент «BEEF EXPORT GROUP» компаниясының ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс тергеу аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құзырлы орган аталған адамдар тобы ұзақ уақыт бойы «Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілермен 107 млн теңге өтеліп, 3,1 млрд теңге мүлкіне тыйым салынған.

– Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 ұйымдасқан топтың мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау күдігімен айып тағылды. Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды агенттік.

Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті деп танылған.

Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 3 лауазымды тұлғасына ақша қаражатын ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдік тағылған. 7 ветеринарлық дәрігерге құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін ұсталып отыр.

Қазір айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары