ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин видео ХҚО-лар іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында цифрлы ХҚО – видео ХҚО-лар қосылады. Яғни кез келген азамат мүмкіндігіне сай цифрлық технологияларды қолдана алмай жатса, бір ғана мобильді ХҚО бағдарламасын жүктеп, ХҚО-ға видеоқоңырау (ватсап) арқылы теріп, сол арқылы қызмет алатындай жағдай жасаймыз», - деді Бағдат Мусин ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары сервистік модельге көшіріледі.
«Біздің операторлар бүгін халыққа қызмет көрсетіп отырады. Бірақ біз оны өзгертеміз. Халық ХҚО-ға кіріп, оепраторлар консультация беріп, цифрлық технологияларға көшіру бейімдеу сұрақтарын шешеді», - деді министр.