×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Маска киген жұмбақ жан әке-шешесі мылқау оқушы қызға баспана алып берді

08.03.2024, 07:31
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желіде маска киген адам (человек в маске) атымен танымал азамат ата-анасы мылқау Аяулым атты 11 жастағы оқушы қыздың ата-анасын емдеуге ақша мен осы отбасыға баспана алып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Менің атым Аяулым. Жасым он бірде. Ата-анам кішкентай кезімнен бері сөйлемейді. Біз времянканы жалдап тұрамыз. Үйде жуынатын жер болмағандықтан, моншаға баруға тура келеді. Әкем фасовщик, ал анам тігінші, – дейді Аяулым. 

Аяулым әке мен анасы күндердің күнінде сөйлеп кетсе деп армандайды. “Ата-анаммен сөйлескім келеді” деп көз жасына ерік береді ол.

Маска киген адам Аяулымның ата-анасын емдеуге және үй алуына қаржылай көмектесті. Жарлы отбасының жан тебірентер видеосын маска киген адам әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

Ол өзінің кім екенін жарияға жар салмай, осыған дейін бірнеше отбасыға көмектескен. Оның бұл игі ісі ел ішінде көп қолдауға ие. Жұрттың бәрі оған бата-тілегін әлеуметтік желіге жазып жүр. Жұртшылық оның кім екенін білмейді.

Серіктес жаңалықтары