×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қандай әйелдер тоқал әпереді - психолог

10.03.2024, 11:57
Жеке парақшасынан

Психолог Ержан Мырзабаев Instagram-дағы парақшасында соңғы кезде күйеулеріне тоқал әперуді сәнге айналдырған әйелдерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта күйеуінің туған күніне тоқал «сыйлайтын» әйелдер қаптап кетті. Олар видеосын әлеуметтік желіге жариялап та жатыр.

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, мұндай әрекетке баратын әйелдер өзін төмен санайды, бағаламайды.

«Күйеуіне тоқал әперетін әйелдің өзін-өзі бағалауы төмен деп айтуға болады. Яғни өзін плинтустан да төмен санайтын, қасиет-қадірін жоғалтып алған әйел. Екіншіден, күйеуін соншалықты жек көретін әйелдер осындай қадамға барады. Күйеуін қаламағандықтан басқа әйел тауып беріп, құтылғысы келеді. Әйтеуір, асқа, тойға барғанда ғана жүріп, ақшасын алып, емін-еркін өмір сүруді қалайтындар. Бұл жерде күйеуі әйелінің тоқал алып бергеніне мәз болмай, өкіну керек. Демек, әйелі күйеуін сүймейді, бірге болғысы келмейді деген сөз ғой. Әйтпесе, дені сау, психикасы дұрыс әйелде сүйген адамыңды бөлісу, беру деген жоқ», – дейді психолог.

Бұған дейін бұл мәселе туралы танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы пікір білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары