×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Тыныштық сақтаңыздар»: Еліміздің қарулы күштері Қарағанды облысына жиналды

11.03.2024, 18:42
Фото: gov.kz

Бүгіннен бастап 19 наурызға дейін еліміздің қарулы күштерінің жауынгерлік даярлық жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, командалық-штабтық оқу-жаттығу Қарағанды облысының аумағында өткізіледі.

Ведомствоның хабарлауынша, жаттығу шаралары Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарының аумағын қамтиды. Шара жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында ұйымтастырылды. Бөлімшелер полигондарға теміржол, әуе және жеңіл көлікпен шерулер жасайды, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі аталған күндері Қарағанды облысының жекелеген аудандарында шектеу шараларын енгізбек. Әрі азаматтардан шараға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары