×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Зауыттар жұмыс істемеген: қазақстандықтарға утильалым ақшасы қайтарыла ма

12.03.2024, 13:28
Фото: Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев зауыттар жұмыс істемей тұрған кезеңде ескі көліктерді кәдеге жарату үшін алынған алым қазақстандықтарға қайтарыла ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифингте Ерлан Нысанбаевтан Қазақстандағы кәдеге жарату зауыттарының ешқайсысы неге жұмыс істемейтіні сұралды. Зауыттар жұмыс істемесе де, азаматтардан алым үшін ақы алынған болатын.

– Зауыт бойынша бүгінгі күні тиісті органдар жұмыс жүргізіп жатыр, оны мемлекет меншігіне беру ісі қолға алынған. Келешекте оның тағдыры шешіледі деп айта аламын. Қара метал сынықтарын жинауға және қайта өңдеуге монополиялардың болмауын көздейтін жаңа кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. Бүгін біз нарықта кәдеге жарата алатын кез келген бизнес субъектісін іске тартуға мүмкіндік береміз, - деп жауап берді министр.

Азаматтарға ақша қайтарыла ма, жоқ па деген сұраққа министр бұл мәселе бойынша басқа құзыретті органдарға жүгіну керектігін айтты.

"Жасыл Даму" төрағасы Ержан Сәрсенбай қазір Қазақстанда кәдеге жарату зауыты жұмыс істемейтінін айтты. "ӨКМ Операторы" жеке компаниясы жұмыс істеп тұрған кезде елімізде 100 мың автокөлік кәдеге жаратылған.

Егер адам көлігімен Қазақстаннан кетіп қалса, төлем жасалған сәттен бастап бір жыл өтсе, оған кәдеге жарату алымы қайтарылады.

Бұрын "Утильалымға жол жоқ" қозғалысы жетекшілерінің бірі әрі Namys тіркелмеген партиясының басшысы Санжар Боқаев кәдеге жарату алымының жұмыс істеген жылдарында жоғалған экономикалық пайда $24,1 млрд құрағанын хабарлаған еді. Бұл сомаға бюджеттен алынбаған ҚҚС алымдары (12%) және қазақстандықтар кәдеге жарату алымы үшін тым жоғары мөлшерлемеге байланысты сатып ала алмаған автомобильдерден баждар (15%) кіреді. 

Серіктес жаңалықтары