×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Кселл» есебі: салынған инвестиция қомақты, жоғары нәтижеге ниетті

15.03.2024, 12:35
Фото: дереккөз

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ірі мобильді операторы «Кселлдің» таза табысы 33 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Қазақстан қор биржасының алаңында өткізілетін дәстүрлі «Эмитент күні» барысында компанияның басқарма төрағасы Асхат Өзбеков мәлім етті. Ұсынылған шоғырландырылған есептілікке сәйкес өткен жылдың 12 айы мен 4 тоқсаны ішінде «Кселл» барлық негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсімді көрсетіп, бұл компанияның акционерлік құнының өсуіне де әсер етті, деп хабарлайды «Кселл» АҚ баспасөз қызметі.

Оператор басшысы Асхат Өзбеков «Эмитент күнінде» компанияның 2023 жылды айтарлықтай оптимистік көрсеткіштермен жапқанын хабарлады. Атап айтқанда, «Кселл» компаниясының жалпы кірісі өткен жылдың 12 айында 227,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,83% -ға өсті. Сонымен қатар, сервистік кіріс шамамен 10%-ға артып, 190млрд теңгеден асты, EBITDA көрсеткіші біржолғы шығындарды есептемегенде 4,6% - 95 млрд теңгеге өсті, ал EBITDA бойынша рентабельділік 41,8% құрады. Сонымен қатар өткен жылдың қорытындысы бойынша компания 33 миллиард теңгеге жуық таза пайда алды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7,5 миллиард теңгеге аз болып шықты. Бұл «Кселлде» өз желісін дамыту мен жаңартуға жұмсалатын күрделі шығындардың айтарлықтай өсуімен, сондай-ақ бесінші буын байланыс технологиясын өрістетуге салынған орасан зор инвестициялармен байланысты.

Расында да, өткен жыл компания үшін 5G желісін өрістетудегі өзіндік трамплинге айналды, 2023 жылы біз жаңа технология бойынша базалық станцияларды орнату қарқынын белсенді түрде арттырып, желтоқсанға қарай станциялардың жалпы санын еліміздің 17 қаласында 480 данаға жеткіздік. Оның үстіне көптеген қалаларда біз базалық станциялар саны бойынша лицензиялық міндеттемелерімізден оздық. Бұл бізге барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтермен және жарты миллионға дейінгі қазақстандықтарды 5G базасындағы цифрлық сервистермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жаңа байланыс технологиясын жеделдету мақсатында біз алдыңғы LTE технологиясын ұмытқан жоқпыз, қалаларда да, ауылдарда да қазақстандықтарды географиясы мен тұратын жеріне қарамастан барлық телеком-қызметтермен қамтамасыз ету үшін базалық станцияларды белсенді жаңартып, орнатып отырмыз, - деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков ұсынылған қаржылық есептілікке түсіндірме бергенде.

Ауылдық жерлерге келетін болсақ, өткен жылы компания ауыл тұрғындарын ұялы байланыс пен интернеттің сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету үшін республикада 368 базалық 4G станциясын іске қосты. Олардың бір бөлігі «250 +» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ал бір бөлігі 2023-2024 жылдарға арналған желіні дамыту бағдарламасы бойынша орнатылды. Бұдан басқа, өткен жылы «Кселл» Private LTE деп аталатын жобаларды белсенді дамытып, бірқатар алпауыт кәсіпорындар, негізінен тау-кен секторы үшін тұйық желі құрып, ІІМ-мен кооперацияда республикалық деңгейде «Цифрлық полиция» жобасын іске асырды, сондай-ақ 5G технологиясы базасында өзінің жаңа жобасын - алдын ала тапсырыс берген кезеңде әлеуетті абоненттерден 2 мыңнан астам өтінім алған «Kcell Auleti» үй интернетін іске қосты. 

Өткен жылғы шығындардың айтарлықтай өсуіне қарамастан, біз бұрынғы кезеңдердегі сияқты қаржылық тұрақтылықты қолдау, борыштық жүктеме көрсеткішін жақсарту, Борыш/EBITDA және Қарыз/Меншікті капитал арақатынасына көп көңіл бөлдік. Бұл ретте біз қарыз капиталына еркін қол жеткіздік, бұл оның ішінде Fitch Ratings-тен ВВ + деңгейіндегі айтарлықтай жоғары халықаралық кредиттік рейтинг есебінен де қамтамасыз етілді, болжамы «Тұрақты». Жалпы алғанда, Кселлдің нарықтағы позициясы мықты, леверидж деңгейі салыстырмалы түрде төмен және ақша ағыны жақсы деген ойдамын. Ал 4-тоқсанға келетін болсақ, біз операциялық және қаржылық көрсеткіштеріміздің оң даму динамикасын сақтап қалдық. 2023 жылдың соңғы 3 айында кірістің өсімі 12,98% (62 178 млн теңге) құрады, біржолғы шығындарды есептемегенде EBITDA көрсеткіші 34,7% -ға өсіп, 27,9 млрд теңгені құрады. FCF көрсеткіші 6,6 млрд теңгені құрады, - деді «Кселл» АҚ бас қаржы директоры Дамир Муллашев.

Әрине, компанияның өткен жылғы тағы бір жетістігі Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернеті бар «Кселл» операторы ретінде танылуы болды. Speedtest платформасында шамамен 600 мың өлшеу қорытындысы бойынша Ookla мобильді және кең жолақты желілерін зияткерлік талдау саласындағы әлемдік көшбасшы осындай қорытындыға келді. Өткен жылдың екінші және үшінші тоқсандарында «Кселл» желісіндегі интернет жылдамдығы республикадағы ең жоғары нәтижені көрсетті - 67,35 Мбит/с. 

Мұндай мойындау - біздің бесінші буын байланыс стандартын өрістету бағытындағы күш-жігеріміздің ғана емес, сонымен қатар 4G желісін белсенді жаңартуымыз бен қайта құруымыздың нәтижесі. Біздің желімізді дамыту мен кеңейтуге, оның тұрақты және сапалы жұмысына біз тек 2020-2023 жылдар аралығында 180 млрд. теңгеден астам инвестиция салдық және 2028 жылға дейін инфрақұрылымға салымдар көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, Қазақстан ТМД мен Орталық Азияда Достастық мемлекеттерін, оның ішінде Ресейді басып озып,  5G өрістеу қарқыны бойынша көшбасшы болып табылады. Телеком секторын дамыту бойынша әлемдік рейтингтерде елді ілгерілетуге «Кселл» де елеулі үлес қосты деп есептеймін, - деді «Кселл» АҚ бас коммерциялық директоры Ольга Цой.

Биыл компания өз желісін дамытуға және жаңғыртуға, оның ішінде телеком-қызметтер мен цифрлық сервистер көрсететін сапалық сипаттамаларды ұлғайту үшін 5G құрылысына күрделі шығындар мен инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруға ниетті, сондай-ақ оператор 5G-Kcell Auleti базасында өзінің жаңа өнімінің үдемелі енуіне және танымал болуына сенімді.

Сонымен қатар компания басшылығы операциялық тиімділік пен қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жете назар аудара бермек және «Кселл» желілеріне және жабдыққа инвестициялардың көптеп құйылуына байланысты, келешекте барлық негізгі көрсеткіштер ұлғаяды деп үміттенеді.

Серіктес жаңалықтары