×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы: министрлік бірқатар компанияны тексеріп жатыр

15.03.2024, 14:18
Коллаж: Ulysmedia

Қазақстандықтардың жеке деректері қолды болғаннан кейін Цифрлық даму министрлігі БЖЗҚ, Air Astana, «Қазақтелеком» компанияларын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметіне қарағанда, аталған компаниялар азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша заң талаптарын қаншалықты сақтап жатқандығын байқап көрмек.

Министрлік оқиғаға қандай да бір мемлекет немесе ұйымның қатысы жөнінде ведомствода бұлтартпас дәлел жоғын алға тартты. 

Бұған дейін «оқиғаға Тайвань хакерлерінің қатысы бары туралы» ақпарат жарияланған. Ведомство мұндай тұжырымды әуел баста киберқауіпсіздік туралы жазатын Cybernews ресурсы жасағанын, бұл жөнінде арнайы мәлімдеме таратпағанын ескертті.

Не болды

Еске салсақ, Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен

Шетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.

Зиянкестер кез-келген ақпаратты алу арқылы Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деп болжанып отыр. Құжаттарда Beeline, Kcell және Tele2 сияқты қазақстандық байланыс операторларының деректерінің тарап кеткені хабарланады. Құжаттарда Қазақтелеком мен БЖЗҚ туралы да айтылады.

«Біздің заңды бұзды деп айыптай алмаймыз...»

Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің ақпарат қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов Қазақстанның бірнеше компаниясына жасалған хакерлік шабуылға байланысты түсініктеме берді. 

Біріншіден, біз қандай да бір елді немесе арнайы қызметті біздің заңды бұзды деп айыптай алмаймыз. Тікелей дәлел жоқ. Қытай Халық Республикасы біздің елдің стратегиялық серіктесі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері біз «Бір Қытай» принципін ұстанып келеміз. Біздің түсінуімізше, жағдай былай: белгілі бір мемлекеттің арнайы қызметіне жұмыс істеген хакерлік топ бар. Ол Қазақстанның маңызды инфрақұррылымдық нысандары бойынша жұмыс істеп жатқаны жөнінде бізде ақпарат болды ма? Бірден айтайын, біз үшін жаңалық болған жоқ. Себебі, 2022 жылы біздің Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы кселл операторынан хакерлік топтың заңсыз араласқан ізін тапқан. Артынша, бұл ақпарат ақпараттық қауіпсіздік орталығына берілді. Ол жерде ақпаратты басқа операторларда да тексерді. Шынында да, басқа байланыс операторларының да инфрақұрылымында сондай іздер табылды, – дейді ол.

Интернет арқылы шабуыл жасағандар мәліметтер базасы сияқты жалпы ақпаратты да, нақты тұлғалар жайлы ақпаратты алуды көздеген.

Серіктес жаңалықтары