Қаланың Бостандық ауданында апат салдарынан жылумен жабдықтау тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, Розыбакиев – Малахов – Каблуков – Штраус көшелерінің ауданындағы үйлер мен ғимараттар жылусыз және ыстық сусыз қалды.
Ресми ақпарат бойынша, апаттың себебі – магистральдық жылу желісі учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдайдың туындауы.
2002 жылы пайдалануға берілген диаметрі 700 мм құбырдың ақаулы учаскесін шұғыл ауыстыруды "Алматы жылу желілері" ЖШС авариялық бригадасы жүргізуде.