×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бізде заң да, иман да әлсіз - айтыскер ақын

16.03.2024, 13:58
жеке парақшадан

Ақын Серікзат Дүйсенғазы Instagram парақшасында (стористе) ұлы мерт болған жерді көрсетіп, көшпелі сот отырысы өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін оннан аса отырыс өтті. Соның біреуін Елікте паркте жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші, - деді ол.

Ақын ұлының өліміне кінәлі адамдардың жазадан құтылып кеткісі келетінін айтты.

Елікті деген осы міне. Ешқайсын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да жаңа дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да - бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр, - дейді ақын.

Серіктес жаңалықтары