×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан сыйлады

17.03.2024, 09:58
бейнежазбадағы кадр

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген атақты әнші Пласидо Домингоға шапан сыйлап, құрмет көрсетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге салсақ, биыл қаңтарда Димаш әлемге әйгілі Пласидо Домингомен ән шырқаған болатын.

Серіктес жаңалықтары