×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда соңғы 3 жылда 7 мыңға тарта жетім баланы отбасылар асырап алған

15.09.2021, 11:13
Фото: Ашық дереккөздерден

Осы аралықта елде 29 балалар үйі жабылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі ата-ананың қарауынсыз және жетім балалар 6 жасқа дейін балалар үйінде қалдыру позициясын ұстанады. Бірақ бұл ретте белгілі бір ауруы бар балаларды ғана сондай тәртіпте қалдыруды жөн деп отырмыз. Іс жүзінде сау балалар отбасыларға берілуі керек. Бұл ретте елбасының да, президенттің де тиісті тапсырмасы бар», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда кейінгі 3 жылда балалар үйінің саны 29-ға қысқарған. Соңғы 3 жылда 7 мың баланы отбасылар асырап алған», - деді Бибігүл Асылова Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, балаларды балалар үйінде белгілі бір жасқа дейін қалдыру мәселесі туралы заң нормасы ұзақ талқыланған.

«Балалар үйінде балаларды қалдыру жасы қанша болуы керектігін зерттеу үшін біз пилоттық жоба өткізуді (Нұр-Сұлтан, ШҚО, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында) жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары