×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Футбол: Қазақстан Грекия құрамасынан ойсырай жеңілді

22.03.2024, 07:55
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф жартылай финалында Грекия құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеуінде ойсырай жеңілді. Афинадағы (Грекия) ойын матч иелерінің үлкен жеңісімен – 5:0 есебімен аяқталды. Гректерден голды Анастасиос Бакасетас (9-минут, пенальтимен), Димитриос Пелкас (15-ші), Фотис Иоаннидис (37-ші) және Димитриос Курбелис (40-шы) соқты.Аал 87-минутта Еркін Тапалов автогол салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатыса алмайды. Грекия құрамасына келетін болсақ, Ұлттар Лигасының плей-офф финалында ол Люксембургті 2-0 есебімен жеңген Грузия құрамасымен құрлықтық біріншілікке жолдама алу үшін таласады.

Серіктес жаңалықтары