×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Мәскеуде болған теракт: 15 жастағы қырғызстандық жүзге жуық адамды құтқарған

24.03.2024, 12:13
Фото: Mash

Ресейлік Telegram арналар Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған теракт кезінде 15 жастағы қырғызстандық Ислам атты бозбаланың ерлігін жазып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бала орталықтың гардеробында жұмыс істеген. Теракт кезінде ол жүзге жуық адамды ғимараттан алып шыққан.

Журналистердің айтуынша, оқушының отбасы Ресейге Қырғызстаннан көп уақыт бұрын көшіп келген. Исламның өзі Ресейде туып өскен.

- Адамдар жиналып қалды. Дереу қашып кеткім келді, бірақ мен нұсқау бойынша бәрін жасадым: адамдарды дереу шығарып, соңында өзім шықтым. Аамдар шыққаннан кейін шығарып, ешкім қалмағанына көз жеткізу үшін олардың артынан жүрдім, - деген ол БАҚ өкілдеріне.э берген сұхбатында.

Ислам сияқты барлық әкімшілерге төтенше жағдай кезінде нұсқау берілген және ол барлығын нұсқау бойынша жасаған.

Лаңкестік әрекет пен оның салдарынан болған өрт кезінде Ислам халыққа бағыт-бағдар берген. Көпшіліктің дәретхана жақтағы тұйыққа тірелгенін байқаған жасөспірім эвакуация жүргізе бастаған. Ол адамдарды тар өткелден Экспо аумағына, одан әрі кеңсе ғимараты арқылы көшеге – қауіпсіз жерге жеткізген.

Бос уақытында жасөспірім гардеробта толық емес жұмыс істейді және «Спартак» балалар командасында футбол ойнайды.

Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залына жасалған шабуылдан 133 адам құрбан болып, 140 адам жарақат алды.11 күдікті ұсталды, оның ішінде төртеуі шабуылға тікелей қатысқан.

Серіктес жаңалықтары