×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мәскеудегі теракт: күдікті ретінде тағы үш адам ұсталды

25.03.2024, 20:54
Коллаж Ulysmedia

Ұсталғандар "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымы мүшелерінің шабуылына қатысы бар деген күдікке ілінген. Олардың Басманский сотына жеткізілген сәтінің фотосы мен видеосын ресейлік БАҚ таратып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті "Крокус Сити Холл” концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен жеткізілді.

Сот отырысы жабық режимде өтеді. Тергеу оларды тұтқындау туралы өтініш жасамақ.

Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен күдікті. Ұсталғандар мінген "Рено” көлігінің түпкі иесі.

Тағы бір ұсталған Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов және оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов. Олар тағылған айыппен келіспейді.
Тергеу Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартты деп санайды.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары