×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресейліктер биыл Қазақстанда үш ЖЭО құрылысын бастайды

26.03.2024, 13:20
Коллаж Ulysmedia

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейліктердің Қазақстанда ЖЭО салу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметте өткен брифингте журналистер Алмасадам Сатқалиевтен Ресей үш ЖЭО құрылысын қашан бастайтынын сұрады.

Қазақстанда үш жылу электр станциясын ресейлік "Интер-РАО" компаниясы салады. Көкшетау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізілуде. Біз құрылысты биыл бастау мүмкіндігі бар айтарлықтай ілгерілеушілік туралы айтып отырмыз, - деді ол.

Энергетика министрлігінің басшысы басқа жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталып жатқанын, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттарда жабдықтарға тапсырыс берілетінін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары