×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бишімбаевтың соты алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық өтеді

26.03.2024, 14:11
Коллаж Ulysmedia

Қуандық Бишімбаевтың соты алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді, — деп жазды Жоғарғы соттан.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары