×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Сот Бишімбаевтың ісі бойынша 12 алқа биді таңдап алды

27.03.2024, 14:38
Астана соты

Алқа билер құрамына 12 адам енді: олардың 10-ы негізгі, екеуі қосалқы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев дел бойынша алқа билер іріктелді.

Алқабилер құрамына 12 адам іріктелді: 10 негізгі, 2 қосалқы.

Ашық режимде өтетін соттың келесі отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленді.

Алдын ала тыңдау

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмады. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келді.

Серіктес жаңалықтары